Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы және облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандарымен құрылған эпидемияға қарсы отряд Ақтөбе қаласында 2019 жылдың 4 қыркүйегі күні «Қорғау-2019» республикалық командалық-штабтық жаттығуға қатынасты. Эпидемияға қарсы отряд құрамына 120 адам кірді.

Республикалық командалық-штабтық жаттығуға медицина саласынан өзге түрлі төтенше жағдайда қызмет ететін мекемелер қатынасты. Эпидемияға қарсы отряд құрамында Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы мамандары өздерінің арнайы қорғаныш  киімдерімен, құрылғылармен, автокөліктерімен эпидемияға дайын  екендіктерін корсетті.