Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясында 6.09.2019 ж. «Ақтөбе адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысы Тұртаев Жанболат Бакиевичтің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиналыс өтті.

Жиналысқа Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясының кезекті еңбек, бала күтімі демалысы және маусымдық іс-сапарда жүрген қызметкерлерінен тыс барлығы қатысты. Жиналыс барысында Тұртаев Ж.Б. мемлекет басшысынан бастап барлық мемлекеттік құрылымдар жемқорлықпен күрес жүргізіп отырғанына, 2025 жылға дейін арнайы концепция қабылданғанына тоқтады.  Жемқорлықпен күрес барысында арнайы мемлекеттік құзырлы органдармен қоса қоғамдық бірлестіктер жұмылдырылғанына және бұл жұмыс әлі жалғасын табатынын айтты. Қандай жағдай болмасын пара алмау және пара беруге себепші болмау керектігін атап өтті.

Жиналыс соңында Тұртаев Ж.Б. қызметкерлер сұрақтарына жауап берді.