Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясының базасында 2019 жылдың 12-13 қыркүйегінде  М.Оспанов атындағы  Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетінің микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы мамандарының қатысуымен Ақтөбе қаласы, Алга, Әйтеке би, Байганин, Ойыл,Темир, Мұғалжар, Мәртөк, Ырғыз және Қобда  аудандарының ұлттық сараптама орталығы бөлімшелерінің, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы  және Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясының (бөлімшелерінің)  дәрігер-бактериологтары мен зертханашыларына  «Тырысқақ ауруының зертханалық диагностикасы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда мамандар тақырыпқа сәйкес білімдерін жетілдіріп, тәжірибелік көрсетілімдерді көрді және басқа да аса қауіпті аурулардың алдын-алу бойынша бірқатар мағлұматтар алды. Семинар қорытындысымен арнайы Сертификаттар табысталды.