Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы  (одан әрі Станция) басшысы КурмановЖ.Б, Шұбарқұдық обаға қарсы күрес бөлімшесінің басшысы Саттигулов М.Қ. және Станция зоологы Алашбай М.А 2019 жылдың 12-15 қыркүйегінде іс-сапармен Алдыңғы үстірт обаның автономды табиғи ошағында эпизоотологиялық тексеріс жүргізіп жатырған Байғанин ауданындағы Оймауыт эпид жасағының жұмысын барып көрді.

Жұмыс барысында қызметкерлерге бағыт-бағдарлар беріп, алдағы жоспарларға қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Эпиджасақ жоспарға сәйкес обаға қарсы іс-шараларын атқаруда.