Тұрғындардың оба секілді аса қауіпті жұқпалы дерттен сақтануы үшін қарапайым әдеттерді қолданғаны жөн. Ең алдымен кеміргіштер ұялаған жерге қоныстанбау; тышқан аулап ермек қылудан аулақ болу; ит-мысық әкелген кеміргіштерді алып, жалаң қолмен ұстамау. Сондай – ақ түйесі бар азаматтар, малының жем – суға құлқы болмай, әдеттегіден түсініксіз жағдайға душар болғандығын байқасаңыз дереу ветеринар шақырғаныңыз жөн. Елді мекендерде түйе малын ветеринардың рұқсатынсыз сойылмауы қажет. Түйе-қой емес, еті біраз адамдарға, үйлерге таратылуы мүмкін. Егер сойылған түйе ауру болса, ет арқылы сол елді мекенге, тіпті басқа қалаға таралуы әбден мүмкін. Көбіне, оба дертімен ауырған малды сойған, ішек – қарнын аршып, тазалаған адамдарға оба жұқтырылғаны тіркелген. Сондықтан осы кішкентай ғана ережелер – обадан сақтанудың бірден – бір амалы болып табылады.

Далалық жерде қызмет жасаған, демалыста болған немесе бау-бақшада болған тұрғындарға кене көбірек жабысады. Тұрғындар кеміргіштер үстіндегі бүрге – кенелердің, аса қауіпті аурулардың тасымалдаушысы, індеттің қоздырғышын адамға жұқтырушы екенін естен шығармауы керек. Әдетте бүрге мен кенелер ауру қоздырғышын, ауру кеміргіштен оның қанын сорып өзінде жинап алып, келесі кеміргішке немесе кездесе қалған адамға жұқтыра алады. Табиғаттың бір мүшесін түбегейлі құрытып жіберу мүмкін емес десек те, оба, түйнеме сияқты аурулар тұрғындарға жұқпас үшін осындай шаралар мен қатар, тұрғындарды осы ауруларға қарсы егу жұмыстары жүргізіледі. Ал үйлердегі кеміргіштерді, бүргелерді құртып жоюға тұрғындардың өздері көбірек ат салысуы қажет. Ол үшін қажетті дәрі - дәрмек базарда көп сатылады. Ең қарапайым әдісі баспананы таза ұстап, тұрғын үйді жууып, далаға қағып – сілкіп таза ұстау. Тазалап отырған үйге кеміргіште, бүргеде жоламайды. Денеге кене жабыспауы үшін шалбардың балағын шұлықтың ішіне салып, резенкелі манжетті, жеңі бар көйлек киіп, кенелерден қорғанатын дәрі – дәрмектер (репелент) қолданған жөн. Егер денеңізге кене жабысқан болса, мүмкіндігінше тез алып тастауға тырысыңыз. Ол үшін теріңізге жабысқан кенені абайлап, теңселтпей, жұмсақтау қарапайым пинцетпен теріге жақынырақ ұстап жұлқыламай тартқылаңыз. Кенені жабысқақ қағазға немесе пробиркаға салып тексертуге Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы зертханаларына, болмаса «Ұлттық сараптама орталығының» филиялдарына жібергеніңіз жөн. Ал оған жалаң қолмен жоламаңыз.

Осылай сақтанып жүрсеңіз өзіңізді және өзгелерді де қауіпті аурулардан қорғай аласыз!

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен
көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін
бақылау Комитетінің«Ақтөбе обаға қарсы күрес
станциясы»рмм Шұбарқұдық бөлімшесінің
басшысы Саттигулов  Мирас Курметович