ҚР ДСМ М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті аурулардың Ұлттық ғылыми орталығының дәрігер-эпидемиологы м.ғ.к. Мусағалиева Р.С. Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Ақтөбе қаласының, Ойыл және Темір аудандарының ТКҚСҚБҚ департаментінің эпидемиологтарына, обаға қарсы станция, емдеу-сауықтыру мекемелерінің эпидемиолог, инфекционист дәрігерлеріне және облыстық ветеринарлық басқарманың, ветеринариялық бақылау және қадағалау департаментінің мамандарына «Төтенше жағдайлар тудыратын аса қауіпті жұқпалы дерттерге эпидемиялогиялық шаралар», «Күйдіргі дерті келелі мәселелері» және «Тырысқақ дертінің әлемдегі және Қазақстандағы өзекті мәселелері» тақырыптарында семинар 2019 жылдың 15-17 қазан аралығында өткізді. Мамандар ойларындағы сұрақтарына жауап алып, пікірталас ұйымдастырылды.