Қазақстанда бюджет қаражаты есебінен туберкулез, қызылша, қызамық, B гепатиті және т.б. қамтылатын 21 инфекциялық ауруға қарсы профилактикалық екпелер жасалатынын естеріңізге саламыз. Инфекциялық ауруларға қарсы жоспарлы екпелер Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесінде белгіленген мерзімдерге сәйкесті жас шамасындағы қазақстандықтарға жасалады.

Тұрғылықты халықты иммунизациялау үшін Франция, Бельгия, Үндістан, АҚШ, Корея, Қытай және Ресей өндірісінің вакциналары сатып алынады. Қазақстанда қолданылатын барлық вакциналар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында алдын ала квалифициядан өткен.

Нақты қандай вакциналар және оларды қашан салуға болатыны туралы мәліметтерді инфографикадан қараңыз.