М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті жұқпалы дерттердің ұлттық ғылыми орталығының (Алматы қаласы) обаның микробиологиясы және эпидемиологиясы зертханасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Абдел З. Ж. және зоология және паразитология зертханасының ғылыми қызметкері Аймаханов Б.К. осы жылдың 18-24 қарашасы аралығында іс-сапармен Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясында болды. Іс сапар барысында Станция жұмысымен танысып, Шалқар және Шұбарқұдық обаға қарсы күрес бөлімшелері жұмысын көрді. Аймаханов Б.К. Шалқар обаға қарсы күрес бөлімшесі мамандарымен эпизотоологиялық тексеру жұмыстарына қатынасып, нұсқама берсе, Абдел З. Ж. Шұбарқұдық бөлімшесі қызметкерлеріне Қазақстан Республикасында обаның табиғи ошақтарының паспортизациясы және зертханада материалдарды полимеразды тізбекті реакция әдісімен тексеру үшін праймерлерді қолданысқа енгізу жөнінде семинар өткізді.

Станцияда барлық бөлімше басшылары және зоологтарына арналып 21 қарашада өткізілген семинар жұмысына қатынасып, ошақтарының паспортизациясы жөнінде баяндама жасап, сұрақтарға жауап берді. Іс сапар қорытындысымен анықтама толтырып, Станция басшылығымен жиналыс өткізіліп, бірқатар ұсыныстар берді.