2019 жылдың 11-15 қарашасы аралығында Ресей елінің Астрахань қаласында “Микроб” обаға қарсы ғылыми зерттеу институтының ұйымдастыруымен өткізілген «Оба және басқа да табиғи ошақты ауруларды эпидемиологиялық қадағалау» тақырыбында білімді жетілдіру курсына Станция басшының эпидемиологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары Л.Б.Нурмагамбетова және оба және басқа да аса қауіпті ауруларды алдын-алу және диагностикасы зертханасының меңгерушісі Ш.Т.Сарсенбаева қатысты.

“Эпизоотологиялық тексеру, арнайы эпидемияға қарсы бригаданың жұмысы (СПЭБ), жылжымалы автозертхана жағдайында зертханалық тексеру бойынша дәрістер тыңдалып, тәжірибе алмасты.