Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының

2019 жылғы «____» мамырдағы

№ _______ бұйрығына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің«Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) бекітілген аумақта карантиндік инфекциялар (оба, тырысқақ) бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету, басқа да аса қауіпті инфекциялар (Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, туляремия, бруцеллез, күйдіргі және басқалары) бойынша эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды жүргізуде консультациялық-әдістемелік көмек көрсету және оларға қатысу бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие медициналық-биологиялық бейіндегі коммерциялық емес ұйым болып табылады.
  2. Мемлекеттік мекеменің түрі: Республикалық.
  3. Мемлекеттік мекеме«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 177 қаулысыменқұрылған.
  4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
  5. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған қатысты Мемлекеттік мекеменің мүлкіне байланысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын органҚазақстан РеспубликасыДенсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті (бұдан әрі – Уәкілетті орган) болып табылады.
  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің«Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі 7. Мемлекеттік мекеменің орналасқан орны: 030004, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Заречный-2 тұрғын үй алабы, Қайдауыл батыр көшесі, 10 ғимараты.

2-тарау. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі

  1. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп саналады және заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
  2. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған бланкілері, мөрлері болады.
  3. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
  4. Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы субсидиарлық жауапты болады.
  5. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

3-тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

  1. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні карантиндік, аса қауіпті және басқа да табиғи-ошақтық зооноздық инфекциялардан халықтың денсаулығын қорғау болып табылады.
  2. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты бекітілген аумақта карантиндік және аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиялық саламаттылықты қамтамасыз ету, олардың эпидемиялық таралуын болдырмау, сондай-ақ олардың әкелінуінің және/немесе шығарылуының ықтимал жолдарын анықтау болып табылады.
  3. Мемлекеттік мекеме мақсатқа жету үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) обаға қарсы күрес станциясының және оның құралымдарының эпидемияға қарсы тұрақты дайындығын қамтамасыз ету, обаның, тырысқақтың және басқа да аса қауіпті инфекциялардың эпидемиялық ошақтарын шоғырландыру және жою жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

2) бекітілген аумақта тұрақты эпидемиологиялық мониторингті және обаның, басқа да аса қауіпті және зооноздық инфекциялардың табиғи ошақтарының эпизоотиялық белсендігіне мониторингті Уәкілетті органның бұйрықтарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген көлемдерде және тәртіппен жүзеге асыру;

3) тырысқақ бойынша халықтың және сыртқы орта объектілерінің эпидемиологиялық және бактериологиялық мониторингі;

4) патогендіктің І-ІІ топтарының биологиялық агенттерінің болуына зертханалық зерттеулер, оларды сәйкестендіру және растау;

5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аумақтық органдармен және ұйымдармен және медициналық ұйымдармен, сондай-ақ энзоотиялық аумақта оба бойынша эпидемиялық саламаттылықты қамтамасыз ететін ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерімен (келісім бойынша) өзара іс-қимыл жасай отырып, профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және жүргізу және инфекциялардың оның аумақтарының шектерінен тыс шығуының алдын алу;

6) Уәкілетті орган бекіткен көлемде және эпидемиологиялық айғақтар бойынша дератизация және дезинсекция әдістерімен обаның және басқа да аса қауіпті инфекциялардың ерекше емес профилактикасын жүзеге асыру;

7) зертханалық диагностикалау және биоқауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша патогендіктің ІІ-ІV топтарының инфекциялық аурулары қоздырғыштарын анықтау бойынша зерттеуді жүзеге асыратын зертханаларға консультациялық-әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

8) карантиндік және басқа да аса қауіпті инфекциялармен ауыратын науқас анықталған жағдайда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аумақтық органдар мен ұйымдардың және медициналық ұйымдардың эпидемияға қарсы дайындығын күшейту бойынша консультациялық-әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

9) Қазақстан Республикасының аумағына карантиндік және басқа да аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуынан санитариялық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуде денсаулық сақтауды басқарудың аумақтық органдарына және медициналық ұйымдарға әдістемелік, консультациялық және практикалық көмекті ұйымдастыру және көрсету;

10) өлкелік патологияда эпидемиологиялық маңызы бар адам үшін қауіпті бактериялық және вирустық инфекциялардың табиғи ошақтарын анықтауға және зерделеуге қатысу;

11) станция жоспары бойынша, сондай-ақ гранттар мен шарттар бойынша уақытша шығармашылық ұжымдарды құру негізінде ғылыми жұмысты орындау;

12) жаңа тиімді әдістемелерді және аса қауіпті инфекцияларды зертханалық диагностикалау құралдарын, жұмыс әдістерінің ұйымдастырушылық нысандарын игеру және практикаға енгізу;

13) тірі өсірінділер мұражайын жасау (бактериялардың жұмысшы штаммдарының коллекциялары), оларды қауіпсіз сақтауды, зерделеуді және белгіленген тәртіппен беруді қамтамасыз ету;

14) өндірістік қызмет және тәжірибелік жұмыстар үшін жануарларды ұстау, өсіру және сатып алу;

15) аса қауіпті инфекциялар қоздырғыштарымен және оларды жұқтыру күдігі бар материалмен жұмыс істеу бойынша орта персоналдың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;

16) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалдарының бактериологтары мен зертханашыларын жұмыс орындарында тырысқақтың зертханалық диагностикасы бойынша жыл сайын даярлау;

17) қызметтің негізгі бейініне сәйкес өзге де жұмыстарды жүргізу;

18) барлық аталған жұмыстар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК және Уәкілетті органмен келісілген станцияның бір жылға арналған жұмыс жоспары бойынша орындалады.

Мемлекеттік мекеменің осы Ережеде бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ мәмілелерді жасауына тыйым салынады.

  1. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен шектелген қызмет мақсаттарына қайшы не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
  2. Мемлекеттік мекеме басшысының Мемлекеттік мекеменің жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылады, тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға алып келеді.

4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару

  1. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Уәкілетті орган жүзеге асырады.
  2. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

2) Мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

3) Мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

4) Мемлекеттік мекеме туралы ережені, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;

5) Мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібі мен өкілеттіктер мерзімдерін, Мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін айқындайды;

6) Мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны атқарып отырған лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

7) Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;

8) Мемлекеттік мекеме басшысының ұсынысы бойынша оның орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

9) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;

10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға Мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісім береді;

11) Мемлекеттік мекеменің филиалдар (бөлімшелер) мен өкілдіктер құруына келісім береді;

12) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттік мекеме басшысын Уәкілетті орган лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
  2. Мемлекеттік мекеменің басшысы оның жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Уәкілетті органға тікелей бағынады және Мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады.
  3. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Мемлекеттік мекеме қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде айқындалатын өзінің құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
  4. Мемлекеттік мекеменің басшысы Мемлекеттік мекеменің қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;

3) шарттар жасасады;

4) сенімхаттар береді;

5) Мемлекеттік мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртіптер мен жоспарларды бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) Уәкілетті орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа Мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

10) өз орынбасарларының және Мемлекеттік мекеменің өзге де басшылық қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттіктерінің аясын айқындайды;

11) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және Уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5-тарау. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

  1. Мемлекеттік мекеме мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:

1) оған меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.

  1. Мемлекеттік мекеменің оған бекітіліп берілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражаттардың есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
  2. Мемлекеттік мекеме осындай қызметпен айналысуға рұқсат беретін Қазақстан Республикасының заңдары бар болған жағдайда, кірістер әкелетін шарттық жұмыстарды жүзеге асыра алады.
  3. Мемлекеттік мекеменің қызметі бекітілген жеке қаржыландыру жоспары негізінде уәкілетті органның бюжетінен қаржыландырылады.
  4. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілікті ұсынады.
  5. Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді және ревизияны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Уәкілетті орган жүзеге асырады.

6-тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс режимі

  1. Мемлекеттік мекеменің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасыеңбек заңнамасыныңнормаларына және өз қызметінің мақсаттарына қайшы келмеуі тиіс.

7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

  1. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Уәкілетті органның шешімі бойынша жүргізіледі.
  2. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

8-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

  1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.