Қазақстанда бюджет қаражаты есебінен туберкулез, қызылша, қызамық, B гепатиті және т.б. қамтылатын 21 инфекциялық ауруға қарсы профилактикалық екпелер жасалатынын естеріңізге саламыз. Инфекциялық ауруларға қарсы жоспарлы екпелер Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесінде белгіленген мерзімдерге сәйкесті жас шамасындағы қазақстандықтарға жасалады.

Подробнее...  

Табиғатта обаны ұдайы сақтаушылар түрлі кеміргіштер болып табылады. Кеміргіштер обамен ауырып, сол дерттен өледі, олар індетті бір-біріне тікелей жанасқанда немесе өздерінің үстінде көп болатын бүргелердің шағуы арқылы жұқтырады.

Әзірге табиғаттағы оба індетін толық жойып, құртудың ұтымды шарасы әлі жоқ, сол себепті адамның онымен зақымдану қаупі бүгінге дейін сақталып отыр.

Подробнее...  

Бүгінгі күні Қазақстанның құмшауыт пен тақыр жерлерін мекендейтін, кеміргіштер тобына жататын, қорқу дегеннің не екенін білмейтін өжет әрі өте сақ тышқанның Балпақ деген түрі болады. Өзі үш-бес жылдан артық өмір сүрмейді. Жыныстық зеректігі өмірінің екінші-үшінші жылы ғана кемеліне келіп, толыса бастайды. Отызға тарта шөптің түрімен қоректеніп үнемі өсімдік тамырынан ылғал соратындықтан суға да аса құмар емес. Оның аса бағалы жон терісі сәуір айының ортасына қарай түлеп, күн көзіне шағылысып қып-қызыл болып, жанардың жауын алып құлпыра түседі.

Подробнее...  

Маң-маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан...

Өзге түліктер сияқты түйе де көптеген жұқпалы аурулармен ауырады. Соның ішінде басқа малдарға қарағанда оба індетіне өте бейім де сезімтал. Бұл індетпен негізінен дала кеміргіштері, жабайы аңдар (түлкі, қарсақ, күзендер, ақбөкен т.б) ауырып, далалық жайылымдарда олардың бүрге, кенелері, былғанған шөптері арқылы түйеге де жұғады.

Подробнее...  

ҚР ДСМ М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті аурулардың Ұлттық ғылыми орталығының дәрігер-эпидемиологы м.ғ.к. Мусағалиева Р.С. Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Ақтөбе қаласының, Ойыл және Темір аудандарының ТКҚСҚБҚ департаментінің эпидемиологтарына, обаға қарсы станция, емдеу-сауықтыру мекемелерінің эпидемиолог, инфекционист дәрігерлеріне және облыстық ветеринарлық басқарманың, ветеринариялық бақылау және қадағалау департаментінің мамандарына «Төтенше жағдайлар тудыратын аса қауіпті жұқпалы дерттерге эпидемиялогиялық шаралар», «Күйдіргі дерті келелі мәселелері» және «Тырысқақ дертінің әлемдегі және Қазақстандағы өзекті мәселелері» тақырыптарында семинар 2019 жылдың 15-17 қазан аралығында өткізді. Мамандар ойларындағы сұрақтарына жауап алып, пікірталас ұйымдастырылды.

Подробнее...  

Аса қауіпті аурулар жөніндегі санитариялық - ағарту жұмыстарының негізгі мақсаты – тұрғындарды аса жұқпалы аурулардан сақтандыру, аурудың алдын алу болып табылады. Сондықтан адам денсаулығын аса қауіпті аурулардан қорғау, болдырмау үшін денсаулық сақтау саласының қызметкерлері әртүрлі жолдарды, әдіс-тәсілдерді қолданады.

Қазіргі заманда бұхаралық ақпарат құралдары арқылы санитариялық-ағарту жұмыстарын жоғары деңгейге жеткізу, тиімділігін арттыру мүмкіншілігі көп, яғни тұрғындардың санитариялық білімділігін, салауаттылығын арттыруға көп көңіл бөлінуде. Сондықтан тұрғындарға аса қауіпті аурулардан сақтану шараларын түсіндіру үшін, оба сияқты аса қауіпті аурудың жұғу жолдарын, залалды көзін, таралу мүмкіншілігін қарапайым әңгімелер арқылы, газет-журналдар, радио-теледидар арқылы түсіндіру нәтижелі болып табылады.

Подробнее...  

Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы басшысының эпид. жұмыстары жөніндегі орынбасары Л.Б.Нұрмағамбетова осы жылдың 10 қазан Ақтөбе облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы ұжымының жиналысында ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 27.11.2015 ж. №21 «ҚР 2016-2019 жылдарға арналған тырысқақ бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы санитариялық профилактикалық іс шаралар туралы» Қаулысының орындалуы барысында орын алып отырған кемшіліктерді жою барысында талқылау өткізіп, қажетті талаптарды орындауды түсіндіру жүргізді.

Подробнее...  

Алматы қаласында 2-3.09.2019 жылы Ғылым орталығында «Аса қауіпті індеттерінің Ұлттық ғылыми орталығының» 70 жылдық мерейтойына Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясының басшысы Курманов Жайдар Бисенбаевич және тірі өсінділер мұражайының меңгерушісі Сағырбаев Азамат Махамбетұлы халықаралық конференцияға қатысты. Конференцияға қатысқан 16 шет мемлекеттердің обаға қарсы күрес қызметкерлерінің баяндамалары талқыланды. Конференция барысында станция басшысына «Аса қауіпті індеттерінің Ұлттық ғылыми орталығының» 70 жылдығына бағышталған төс белгі табысталды.

Подробнее...